Қасым-Жомарт Тоқаев пен Петер Шпулер жолаушылар вагонын жасау мәселесін талқылады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Петер Шпулер жолаушылар вагонын жасау мәселесін талқылады
Фото: akorda.kz
708
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Stadler Rail AG компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Петер Шпулерді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында Қазақстанда жолаушылар вагондарын жасау жөніндегі жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысына швейцариялық Stadler Rail AG компаниясының вагон жасау зауытын жаңғырту, Қазақстан алюминийін пайдалану және өндірістің толық циклін жолға қою жоспары туралы мәлімет берілді. Петер Шпулер 2030 жылға қарай өндіріске қажет бөлшектерді жергілікті жерде өндіру деңгейін 35 пайызға дейін арттыру, сондай-ақ қазақстандық өніммен экспортқа шығу жоспары туралы айтты.    width= Сонымен қатар олар өндірістік білім мен сарапшылық құзыреттерді үйрету мәселелерін қарастырды. Компания қазақстандық жастарға арналған оқу орталықтарын ұйымдастыруды, сондай-ақ отандық колледждермен және университеттермен қарым-қатынас орнатуды жоспарлап отыр. Президент бірлескен жобаның жүзеге асырылуы Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайта түсетініне сенім білдірді.