Алматылық тұрғын тесіліп қарағаны үшін бейтаныс адамды пышақтап өлтірген
Алматылық тұрғын тесіліп қарағаны үшін бейтаныс адамды пышақтап өлтірген
261
оқылды
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіргені үшін В.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот анықтауы бойынша, 2019 жылдың қыркүйек айының соңында В., болашақ әйелі, жас қызымен және досымен саябақта қыдырып жүріп, бұрын таныс емес жастарға кездейсоқ қараған. Оның ішінде - Ж. есімді азамат В.-ға тесіліп қарап тұрған. В. Ж.-дан не үшін өз жағына бұлай қарағанын сұрады, ол  қарсы сұрақ қойған. Осыған байланысты олардың арасында ауызша жанжал пайда болды, - деп хабарлады Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында. Одан кейін В. өзінің сөмкесінен бәкісін алып,  Ж-ның кеуде тұсынан төрт рет пышақ сұғып жарақаттаған. Одан кейін жәбірленуші ауруханада қайтыс болған. Сот үкімімен В. кінәлі деп танылып, оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.