Алматы қаласында Нұрлытау шағын ауданында салынып жатқан көпқабатты үй сот орындаушыларының қатысуымен сүріле бастады.
Биыл наурыз айында Қала құрылысын бақылау басқармасы жүргізген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде нысанның заңсыз салынып жатқанын анықталды. Сол кезде құқықбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, нысан иесі әкімшілік жауапқа тартылған еді.
https://youtu.be/fO9eGGd69rM
Алайда, заңсыз құрылыс нысанына қатысты шығарылған ұйғарымды орындау мерзімі өтіп кетсе де, заңбұзушылықтар жойылмаған. Осыдан кейін, заңсыз тұрғызылған нысанды күштеп бұзу үшін Бостандық аудандық сотына шағым жолданды. Аудандық сот нысанды бұзу туралы оң шешім шығарғанымен, жартылай салынып қойған нысан бұзыла қоймады. Себебі, нысан иесі аудандық соттың шешімімен келіспей аппеляциялық шағым түсірген еді.
Жақында Алматы қалалық аппеляциялық соты Бостандық аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.