Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
463
оқылды
Құрметті отандастар! 1991 жылғы 16 желтоқсан – төл тарихымызда­ғы ме­рейлі белес. Бұл – егемен ел болуды аңса­ған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн. Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олар­дың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге. Біз тамыры терең мемлекеттігіміздің маңыз­ды белестерін ұлықтап, ұлтты ұйыстыратын ортақ құн­­дылықтарды нығайта береміз. Сол ар­қылы қас­терлі Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік­тете түсе­міз. Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көз­дің қарашығындай сақтауымыз керек. Мем­­ле­кеті­міздің егемендігін, еліміздің аман­ды­ғы мен жері­міздің тұтастығын қорғау – әр аза­мат­тың қас­терлі борышы. Биыл еліміз үшін бетбұрысты жыл болды. Бұрын-соңды болмаған сын-қатерлермен бетпе-бет келдік. Елдігімізге іштен де, сырттан да зор қауіп төнді. Дегенмен мызғымас бірлік пен ырыс-ын­тымақтың арқасында барлық қиын­дық­ты ең­се­ріп келеміз. Біз ауқымды саяси және экономикалық ре­фор­­маларды қолға алып, мемлекетімізді жаң­ғыр­­ту­дың жаңа кезеңіне қадам бастық. Бұл бас­­­та­ма­лар­ды табысты жүзеге асыру – әрқай­сы­мыздың қо­лымызда. Егемен елімізді одан әрі дамыту – алдымызда тұр­ған басты міндет. Біз осы жолда аянбай еңбек етуі­міз қажет. Сонда ғана Қазақстан қуатты мем­ле­кетке айналады. Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен шын жүрек­тен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Қазақстанымыз өркендей берсін! Қасиетті Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!