Ақтауда шенеунік көлігіндегі қыруар қаржымен ұсталды - видео
Ақтауда шенеунік көлігіндегі қыруар қаржымен ұсталды - видео
© сурет интернеттен алынды
464
оқылды
Ақтауда пара алған бас ветеринар ұсталды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне сілтеме жасап. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтау қалалық инспекциясы" МК басшысына қатысты тергеу шаралары басталды. Қаланың бас ветеринары фуражды арпаны экспортқа шығаруға қажетті куәліктерді заңсыз бергені және жалпы қамқорлық жасағаны үшін 20-30 мың теңге көлемінде тұрақты түрде пара алып отырған. Бұдан бөлек, осы шенеунік кәсіпкерлікпен айналысатын ұйымды басқарды деген күдік бар. Қазіргі кезде оның дезинфекция бойынша дәл осы ұйыммен келісімшарт жасап, 2 миллион 500 мың теңге көлемінде пайда тапқаны тексеріліп жатыр. Ақша аударылса да, дезинфекция шаралары атқарылмаған. Күдікті өз кінәсін мойындап, процессуалды келісімге өтініш берді. Осыған байланысты ол қамауға алынған жоқ. https://www.instagram.com/p/B8F_-uwFAe8/