«Осыған байланысты және Алматыда оқушыларды тасымалдаудың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2023 жылдан бастап қаланың 8 ауданындағы 29 мектепте 7,7 мың балаға арналған «Мектеп автобусы» жобасы басталады», – деді ол.Сонымен қатар, балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі маңызды басымдық болып табылады. Ата-аналар балаларының мектепке қауіпсіз жеткеніне сенімді болуы керек.
– «Келер жылдан бастап мектептерде кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізіліп, «дабыл түймелері», өту жүйесі (турникеттер), өрт қауіпсіздігі жүйесі, полицияның жедел басқару орталықтарымен біріктірілген бейнебақылау камералары орнатылады. Біз бұл жобаны үш жылдық сервистік үлгі бойынша қаржыландыруды жоспарлап отырмыз. Жалпы, қаржыландыру көлемі 4,9 млрд. 2023 жылға арналған бюджет жобасында осы мақсаттарға 1,6 млрд теңге бөлінді», – деп толықтырды Ә.Нүсіпова.
Алматы