Ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде жол жабылды

Ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде жол жабылды

Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде жол жабылды. «ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, Қарағанды облысында «Қызылорда-Павлодар» тасжолының 1065-1135 шақырым аралығы, Молодежный ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі учаске жабық. Оған боран мен жолдың көрінбеуі себеп болды. Сондай-ақ Павлодар өңірінде «Қызылорда-Павлодар» тасжолының 1135-1206 шақырымы, атап айтқанда Қарағанды облысы шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралығы жабылды.