Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Қызылорда облысында түнде шығыстан, облыс орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді деп күтіледі.
Түнде Қызылордада шығыстан екпіні секундына 15 метр болатын жел соғады.
Оңтүстікте, Түркістан облысының тау бөктерінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан, таулы аймақтарда соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.