ӨКПЕЛЕМЕ, СЕН МАҒАН!Ақын Мұхтар ШАХАНОВҚА– Көпен iнiм!Сенiң мынау кешiңде деАйнымайтын ағасы деп,Жыртылмайтын жағасы деп,Бар едi ғой бағасы деп,Рахмет, бүгiн маған сөз бердi.Бiздiң ауыл есiңде ме?Бiресе Шәуiлдiр деп,Бiресе Қызылқұм деп,Бiресе Отырар деп,Талай-талай өзгердi.Бiлесiң бе мен өзгерген кездердi?Бiресе полигон деп,Бiресе конгресс деп,Бiресе желтоқсан деп,Бiресе Аралым деп,Көп өзгерiп,көп сабылдым, қарағым.Ендi, мiне, БiшкеккеЕлшi болып барамын......О, жасаған!Қалай қашып құтылам депмасаданБiр жұмырбас түн iшiндеТам үстiне жатыпты.Жата салып қалың ұйқықатпарына батыпты.«Тауықсыз да таң бозарып атыпты».Содан кейiн сол жұмырбас не етiптi?Там үстiнде жатқандығын тарсұмытып кетiптi.Дәрет қысса амал бар ма?Атып тұрып апыл-ғұпыл жүргендеТорғайдай боп топ етiпТам үстiнен құлап түстi бiр демде.Көк есектiң тұяғындайҚап-қатты екен жер тiптi.Жазым болып жұмырбастыңҚол-аяғы бiрдей сынып мертiктi.Ойында жоқ еш күдiк,О, оқырман, осыны ойлап теңселер,Сықақшының халiн бiлгiңкелсе егерТам үстiнен құлағандай,Төсек тартып сұлағандай,Халiңдi кеп сұрағандай,Сен де сықақ жазып көр.Көпен iнiм!Отырарда сен де тудың,Отырарда мен де тудым.Жасым үлкен, сондықтандемде тудым.Жасың кiшi болғасын кенде тудың.Ақын Мұхтар ШАХАНОВҚАӨКПЕЛЕМЕ, СЕН МАҒАН!Бiр досы кеп хал сұрады кешкiлiк.Жан қысылып жатқан кездеЖанашырлық осы ма?Қыбыр етiп кiрпiгi,Жыбыр етiп ерiнi,Ол былайша жауап бердi досына:– Не етемiн?Халiмнiң қалай екенiнБiлгiң келсе, там үстiнен құлап көр!15Қасқасуды бiр айналып,Отырарды шыр айналып,Туған жерге жиi барып тұрамыз.Сонда естiген бар едi ғой бiр аңыз.Айтайын,Айтайын да Қырғызыма қайтайын....Құдыққа түсiп кеткенбаласына әкесi кептi.Кептi де былай дептi:– Балам!Ешқайда кетiп қалма,Қазiр арқан әкеп шығарып алам!..Сол сияқты өзiң деСатираның құдығына түсiп кеткенбаласың.Қырық жастан қыр ассаң даналасың.Барселонаға бармадым деп,Қамқорлыққа алмадың деп,Өкпелеме, сен маған!Қамқорлыққа қалай алам,Өз жұмысым тiптен көп.Өнбес жерден дау iздеп,Шыңғысханды жауыз деп,Атағымды асқақтатып бiткем жоқ!Шеберлiкпен шегендесең құдықтыСен боласың мұрагер.Арқан әкеп шығармаймын мен сенi,Түсiп кеткен құдығыңда тұра бер.ПОЭЗИЯ ПАТШАЛЫҒЫЕгер Мұхтар Шаханов бұдан мың жыл бұрын дүниеге келсе кiм болар едi? Отырарда туып, Сирияда қайтыс болған Әбу Насыр әл-Фараби бабасы секiлдi «Қайырымды қаланың тұрғындары» деген трактат жазар ма едi? Онда Мұхтар Шахановтың аты Мұхтар Шаханов емес, Әбу-Мұхтар ибн Шахан шайыр әл-Отырари Шам шаһари боп кетер едi.Ал, Мұхтар Шаханов XV ғасырда туса ше? Онда «Өзбек – өз ағам, сарт – садағам» деп, Керей мен Жәнiбек хан секiлдi 1456 жылы қазақ мемлекетiн Шу бойында емес, Арыс жағасындағы Шәуiлдiрде құрар ма едi?Одан кейiнгi ғасырда туса ше? Қара қыпшақ Қобыланды батыр секiлдi егеулi найза қолға алып, космополиттер туралы толғанып... Кешiрiңiздер, космополит деппiн-ау, о заманда космополиттер болған жоқ қой... Егеулi найза қолға алып, махаббат жырын толғанып...«Қабырғадан оқ тисе,Қамқор болған қарындас», – деп, қыз Құртқаны айналдырып, үйленiп алар едi. Жалпы, Мұхтар ағам ғашық болмайды – ғашық болса алмай қоймайды.Егер 1835 жылы туғанда Шоқан Уәлиханов сияқты Қырғызстанға елшiлiкпен емес, экспедициямен барып «Манас» жырын манаптардың аузынан жазып алар ма едi?Ал, XIX ғасырда дүниеге келсе ше? Оһо-о-о, онда Ыбырай Алтынсарин атасы секiлдi:Кел, балалар, оқылық,Оқығанды көңiлгеЫқыласпен тоқылық.Тек қазақша оқылық! – деп өлең жазар ма едi?Әлде Мұстафа Шоқай секiлдi Түркiстан Республикасын құрам деп Францияда жиырма жыл ғұмыр кешiп, Германияда талқаны таусылар ма едi, кiм бiлсiн?..Немесе Жүсiпбек Аймауытов секiлдi «Бала өз ана тiлiнде тәрбиеленбесе, ұлтқа қызмет ете алмайды» деп шыр-пыры шығар ма едi? Әйтпесе Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бәйменов... Ой, Бәйменов деппiн-ау... Әлихан Бөкейханов секiлдi «Алаш» партиясы емес, «Халық рухы» партиясын құрар ма едi?Ал, XIX ғасырдың соңында кiндiгi кесiлсе ше? Онда Сәкен Сейфуллин,16Бейiмбет Майлин, Iлияс Жансүгiров секiлдi 37 жылы «халық жауы» атанып, атылып кетер ме едi?Әйтпесе «Бейiмбет жау болса, мен де жаумын!» деп, Ғабең секiлдi бесеудiң бiрi боп Сталинге хат жазар ма едi?Негiзi, Мұхтар Шаханов 1942 жылы дұрыс туған. Масқара-ай, Гитлер 1941 жылы Шыңғысхан секiлдi Отырарды жаулап алғанда қайтер ек? Онда, әумин, Мұхтар Шаханов жоқ едi. Бар болған күнде де Гетемен жарысып немiс тiлiнде өлең жазып жүрер ме едi, кiм бiлсiн? Бәрiнен бұрын Арал проблемасын кiм көтерер едi? Желтоқсан көтерiлiсiн ше?«Ей, Мұха, қой дегесiн қоя сал. Шындықтың түбiне жетпейсiң, шындық сенiң түбiңе жетедi» деген қағиданы құлағына да қыстырмай, «Желтоқсан эпопеясын» кiм жазар едi? Әсiресе «Мемлекеттiк тiлдi шекараны қорғағандай қорғау керек!» деп кiмнiң шыр-пыры шығар едi?Бiр күнi:– Мұхтар аға, сiз алмаған шетелдiң шен-шекпенi, атақ-дәрежесi қалмады. Бәрiн алдыңыз. Ал, өз елiмiздiң орден, медалiнен неге қашасыз? Ең болмаса «Ерен еңбегi үшiн» медалiңiз де жоқ. Соның себебi не? – деп сұрадым. Сонда Мұхаң айтты:– Отан – бiздiң ең үлкен Анамыз. Әркiм өз Анасына қызмет еткенi үшiн жылу дәметпеу керек. Отан да өзiнiң ерекшеленген, дараланған ұлдарын марапаттап отыруы шарт. Бiрақ, ол өте әдiлеттi болуы керек. Ал, қазiр кез келген заңдастырылғын ұрының ең кемi екi орден, үш медалi бар. Солардың қатарында жүргiм келмейдi! – дедi.Есiме Брежнев түстi. Керегедей кеудесiнде орден қадайтын орын жоқ едi ғой жарықтықтың.– Брежневтi крокодил жұтса не болады? – деп сұрағандарға:– Онда крокодил он күн бойы орден құсады! – дедiк.Егер Мұхтар Шахановты крокодил жұтса не болады? Онда крокодил рухтанып, қазақ тiлiнде сөйлеп кетер едi.Ақындар да альпинист сияқты. Шыңға шыққысы келедi. Шыңға өрмелеген альпинист ғайыптан тайып, құзға құлайды. Жартаста қалған серiгi:– Амансың ба-а-а?- деп айғалайды артынан.– Аманмын!– Тiрiсiң бе?– Тiрiмiн!– Еш жерiң мертiккен жоқ па?– Жо-о-қ!– Ендеше арқан тастаймын. Қағып ал да, қайтадан өрмелеп берi шық!– Арқаныңды ала алмаймын-ау...– Неге-е-е?– Мен әлi жерге жеткен жоқпын!Алатаудың шыңындай ана тiлiмiз күндердiң күнiнде құздан құласа, артынан арқан лақтыратын кiм? Мұхтар Шаханов қана ма? Әлде Амангелдi Айталы...Халық сүт сияқты. Бiр қарағанда сүт аппақ. Басқа қасиетi байқалмайды. Бiрақ оның құрамында бәрi бар. Май да бар, құрт та бар, iрiмшiк те бар. Әсiресе, А,В,С деген витаминнiң түр-түрi бар. Бiрақ олар көзге көрiнбейдi. Мұхтар Шаханов ше? Қатық сияқты. Бiр қасық қатық бiр қазан сүттi ұйытады. Мұхаң қайда жүрсе де ақ сүтiнен ажыраған емес. Шахановтың күш-қуаты – оның поэзиясында. Мекен-жайы – поэзия патшалығында.Ендеше, Мұхтар Шахановтың өзiне сөз берейi.– Дүниенi дүр сiлкiндiрген шоғыр17қолбасшылардың чоңы Наполеон: «Соғысу үшiн үш нәрсе керек!» дептi.«Бiрiншi – ақша,Екiншi – ақша,Үшiншi – ақша».Нағыз ақындарға Наполеон армандаған ақшадан гөрiмұра болатындай мұратты нәрсе керек. Ол – поэзия, поэзия тағы да поэзия!Тышқан тiрлiк таусыла ма, сiлкiнiп тастап сiрескен ойдың сеңiн бұзбасаң, ақындығың қайсы?!Мысық тышқанның бәрiн тани бермейдi, бiрақ тышқанның бәрi мысықты таниды....Дештi қыпшақ даласында,Сырдария жағасында,Оты өшпеген Отырар қаласындаПоэзия патшалығы өмiр сүргендеседi.Қас жауынан қаймықпаған,Жүрегi де шайлықпағанХанның сонда бiр мысықтанҚайтқан екен меселi.Таянып тұрып бүйiрдi,Хан былайша бас уәзiрге бұйырды:– Ертеңгiнiң ерлiгiнБүгiнгiден бастаңдар.Бастаңдар да, бұл мысықтыДалаға апарып тастаңдар,Қасқыр ауласын!..Бас уәзiр былай дедi:– Хан ием!Әбiгерге салмаңызшы Сiз елдi,Ұстай алмас мына мысықҚасқыр түгiл күзендi.Күреңiтiп, түтiгiп,Тiлiн тiстеп, тұтығып,Бұлқан-талқан ашуландыхан сонда:– Кiм айтты саған?Аңға қиқу салмайды деп,Аяғынан шалмайды деп.Сары далада қасқыр түгiлСасық күзен алмайды деп.Кiм айтты саған?Мысықты ешкiм жақтырмайды деп,Жыртқыштарға дәп қылмайды деп.Кiм айтты саған?Ханның қара мысығынаҚасқырдың бәрi тақтұрмайды деп?!Бұта түбiн бұғып өссе болады ма оңған iс?Бұл мысықтың ата-тегi –жүрек жұтқан жолбарыс.Бас уәзiр хан сөзiнен аспады.Аспады да мысықты далағаапарып тастады.Қара мысық қайтып келдi.Бас уәзiр саспады.Саспады да мысықтыТағы апарып тастады.Қара мысық қайтып келдi.Рас, рас!..Әуелгiде әжептәуiр бас қатты.Бас қатты да мысықтыТағы апарып тастатты.О, масқара-ай!Ертесiне шыққан кезде арай күн,Қара мысық тырналап тұрДарбазасын сарайдың.Хан ием де,Уәзiр деТаң қалысты жата қап:– Жүре берсе не қылады«Бөрi» деген атақ ап?.....Поэзия патшалығына алып келгенмысықты –Сағыныш пен махаббат.«Бағаласаң махаббатты бағала,Бағаласаң махаббатты бағала».Поэзия патшалығын сағынсамСол мысықтай көп жүрмеспiндалада!..1992 жылы жазылып,2007 жылы толықтырылды 18ЖАҚСЫ, АЙНАЛАЙЫН!Ақын Фариза ОҢҒАРСЫНОВАҒАIшi ауырған баладайТелефоным шыр еттi.Звондаған кiм екенДiр еткiзiп жүректi?Болмысым, жаным-сұрапыл.«Ә» дегенге,«Мә» демейОйланайын, тұра тұр.Өлеңнiң шамын өшiрiп,Мұңданбай да жынданбайЖаздым талай очерк.Кейiпкерiм қаншама!Телефон шалған сағыныпҰлбала,Кәмшат,Шәмша ма?Шiркiн!Менен бiреу бiр күн:«Қайда барасыз?» деп сұраса,Ең әуелi Торғайға тартар едiм.Торғайдай тозып кеттi-ауарқалы елiм.Облыс әкiмiШөкеев те ғажап адам!Ойпырай, сол емес пеТелефон шалып мазалаған?Айтқаным жоқ ащы сын.Дәрiптем ем газетке«Бас қаланың басшысын».Астананың әкiмi боп,Бас қаланың әкiмi бопIшi пысқан Зәкең бе?Шәкең бе?Жоқ, Сәкең бе?Мәкең бе?Жоқ, Бәкең бе?Тәкең бе?Жоқ, Жәкең бе?Кiм болса да менiменСөйлесем деп отыр-ау?Ойым он сақ.Тоқырау...Трубканы көтермейНеғып тұрмын, апыр-ау?!– Әлеу!«Атырау?»Жақсы, айналайын!А?!«Шын жыласа соқыр көзденжас шығар.Жазатын болсаңызБiздiң жақта даМүйiзi қарағайдай басшы бар!»Дейсiз бе?Жақсы, айналайын!Әйтеуiр Атырау жуық арадакөшпей ме?Бара жатқанның балтасын,Келе жатқанның кетпенiн алыпжүгiре берсем,Менiң өкпем өшпей ме?Өлеңiмдi кiм жазады?Әкiм жазып бере ме,Әйтпесе әркiм жазып бере ме?Жақсы, айналайын!Не жаңалық?Немене?!«Каспий тасып жатыр?»Жақсы, айналайын!Оған менiң де жанымашып жатыр.А?!«Кесiрткелер қашып жатыр?»Е-е, елдiң де экологиясы бұзылды.Жуанымыз жiңiшкерiп,жiңiшкемiз үзiлдi.Баяғыда Каспийдiң кесiрткесiнАлматыға әкелсең,Бес жылда крокодил бопшыға келетiн.ЖАҚСЫ, АЙНАЛАЙЫН!Ақын Фариза ОҢҒАРСЫНОВАҒА20Қазiр Каспийдiң крокодилiнАлматыға әкелсең,Бес жылда кесiртке боп кетедi.Бұл – шындық!Кезiнде кесiрткемiздiКрокодил қыламыз деп құлшындық!Иә!..Ауылымызға әкiм қыпҚойды дей ме Тәйтiктi?«Патшасы ақынын iздеген ел – бақытты,Ал, ақыны патшасын iздеген ел – сормаңдай» депАқсақ Темiр айтыпты.А?!Әкiм қайтiптi?«Қоғадай жапырып жатыр?»Менi әкiм«Шай iшiп қайтсын деп шақырып жатыр?».Кiм?Кiм болса да бармаймын!Әкiм шақырмақ түгiлi,Әкең шақырса да бармаймын!Өзi звондап шақырса айып бола ма,Я, тағынан тайып қала ма?«Өкпелейдi?»Өкпелесе – өкпесi түссiн!Сендерге айтатұғын аяз сын бар:«Саяз су сарқырап ағады»,Саязсыңдар!Байқаймын,Байқаймын да басымды шайқаймын!Теңге десе тентiреп зырлайсыңдар,Мәдениеттен жұрдайсыңдар.Қарындарың тоқ болса,Қағаздарың «көк» болса,Ештеңенi ұрмайсыңдар!Бiр қарағанда дырдайсыңдар,Неге тiл мәселесiнТiк көтерiп тұрмайсыңдар?«Апай!»Немене апай?АпайғаШай беретiн Шапай ма?Апайда айқай көп,Шапайда шай-пай көп.Апайға айқай керек емес,Шай-пай керек.Шапайға шай-пай керек емес,Айқай керек.Шапай шай-пай берсе,«Пай-пай!» дер ек...Жақсы, айналайын!Жақсы!..А?Қашан қайттым қай даудан?Кiшкене кiдiре тұр,Өтiп алайын тағы даДепутаттық сайлаудан...Жақсы, айналайын!..