Студенттер ІІІ халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды
Студенттер ІІІ халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды
Фото: vhod.kz
792
оқылды
Қазақстандық студенттер «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» ІІІ халықаралық интернет олимпиадада  үздік болды. Биыл 15 қыркүйек пен 30 қазан аралығында ТМД Парламентаралық ассамблеясының Демократияны дамыту мониторингінің халықаралық институты Саратов мемлекеттік заң академиясымен бірлесе ұйымдастырған «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» ІІІ халықаралық интернет олимпиадасы өтті. Оған Достастық елдерінің 149 жоғары оқу орнынан 1 465 студент қатысты. Қазақстан Республикасынан 26 жоғары оқу орнынан 364 студент қатысты. Ұйымдастыру комитеті мен халықаралық әділқазылар алқасы «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» ІІІ халықаралық интернет олимпиадасының қорытындысына сәйкес интернет-олимпиаданың жеңімпаздары болып 101 және одан да көп балл жинаған ТМД елдері жоғары оқу орындарының 24 студенті анықталды. Жеңімпаздар арасында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Мадина Ертайқызы Аралбаева мен М.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ студенті Альбина Асылханқызы Байқадам бар. Олимпиада жүлдегерлері болып 81-ден 100 баллға дейін алған 207 студент анықталды. Олардың 27-сі – қазақстандық студенттер. Интернет-олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Қатысушының Т.А.Ә. Оқу орны
1. АБДУЛХАССАНОВА Екатерина Алексеевна Нархоз университеті
2. АҚДӘУЛЕТ Әділ Тұрарұлы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
3. АРШАБАЕВА Рабига Серикболовна Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті
4. АТАБАЕВА Ақерке Қуандыққызы Халықаралық туризм және меймандостық университеті
5. БАРАНОВА Марина Викторовна Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
6. БЕКБОЛҰЛЫ Бексултан Нархоз университеті
7. БЕР Виолетта Викторовна Каспий қоғамдық университеті
8. ВОЛОКОНЦЕВ Андрей Андреевич Қараганды мемлекеттік техникалық университеті
9. ДЮСЕМБАЕВА Камила Карымсакқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
10. ЕРГЕШОВА Мухлисса Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
11. ЖАНТУЯКОВ Азат Галымұлы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
12. ЖЕҢІСБАЕВА Дана Жеңісбайқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
13. ЗҰЛҚАШЕВА Ақерке Кабдрахимқызы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
14. ИЗТЕЛЕУОВА Назерке Нұрбекқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
15. КАРАГАТЕЕВА Камила Даулетқызы Семей медициналық университеті
16. КЕНЖЕҒАЛИ Асланбек Азаматұлы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті
17. КОСОБОКОВ Никита Васильевич М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
18. ҚАРАБАЕВА Алуа Нұржанқызы Семей медициналық университеті
19. ҚЫДЫРАЛИЕВА Малика Қуанышқызы Семей медициналық университеті
20. НАУРЫЗБАЙ Мухтар Бауыржанұлы Г.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
21. НИГМЕТОВА Асем Сагинқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
22. НҰРАХМЕТ Дінмұхамет Нұржанұлы Каспий қоғамдық университеті
23. САГИДУЛЛАЕВА Динара Онгарбайқызы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг мемлекеттік университеті
24. СЕМЁНОВ Иван Иванович Қараганды мемлекеттік техникалық университеті
25. ТЕМИРХАНОВ Жәңгір Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
26. УАЛХАН Арман Маратұлы Қазақ-Американ еркін университеті
27. ХВАН Тамара Александровна М.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университеті