Жандарбек Бекшин Уханьнан эвакуацияланған азаматтарға коронавирус жұқпағанын айтты
Жандарбек Бекшин Уханьнан эвакуацияланған азаматтарға коронавирус жұқпағанын айтты
© inform.kz
448
оқылды
ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Ухань қаласынан эвакуацияланған азаматтардан коронавирус табылмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кеше Ухан қаласынан 89 адам эвакуацияланды. Олардың арасында 83 қазақстандық (олардың 80-і студент), 5 Беларусь азаматы және бір Армения азаматы бар. Олардың барлығынан сынама алынды, жағдайлары қанағаттанарлық. Дене қызуы қалыпты, шағым жоқ. Келгендердің ешқайсынынан коронавирус табылмады. Бұл зертханалық түрде дәлелденді. Соған қарамастан, олардың барлығы 14 күн карантинде болады», - деді Ж. Бекшин Қазмедиа орталығында өткен брифингте. 2 ақпанда ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы ҚХР Ухань қаласында жүрген 83 қазақстандықты, оның ішінде 80 студентті елге жеткізді. Олар елордадан 7 шақырым жерде орналасқан көпбейінді аурухана жанындағы инфекцияға қарсы арнайы бөлінген корпуста 14 күндік карантинге жатқызылды.