Бүгін Парламент Мәжілісінде Қаңтар оқиғасына қатысты Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі арнайы көрме ұйымдастырды.
Көрмеге Қаңтар оқиғасы кезінде Полиция департаменттерінен, қару-жарақ дүкендерінен ұрланған қару мен оқ-дәрі және басқа да заттар қойылған. Ондағы қару-жарақтың барлығы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан адамдардан тәркіленген.
Көрмеде полицейлердің зақымдалған каскалары мен басқа да жабдықтары көпшілік назарына ұсынылды.
Сондай-ақ былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде елдегі тоналған нысандар, қираған ғимараттар, өртенген көліктер және басқа да нысандар бойынша арнайы фотосурет көрмесі ұйымдастырылды.