Абай облысындағы «Аягөз-Үржар» тасжолының 40-шақырымында жолда қалған 60 адам эвакуацияланды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, «112» қызметіне Аягөз ауданындағы «Аягөз-Үржар» тасжолының 40-шақырымында жолда қалған азаматтардан хабар түсті.
Сол жерде 60 адам болған.
«№13 өрт сөндіру бөлімінен 4 адам «Вахта» өтімділігі жоғары техникамен дереу оқиға орнына келіп жетті. Сондай-ақ 10810 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де жолға шықты. Жолда қалғандардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілді», - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ Үржар ауданы ТЖБ қызметкерлері қар құрсауында қалған 10 көлікті «Алматы-Өскемен» тасжолының 92-шақырымына шығарды.