Жаңа жылды Қазақстанда қарсы алуға 23 мыңнан астам турист келді. Бұл туралы Kazakh Tourism ұлттық компаниясы хабарлады. EQonaq ақпараттық-талдау жүйесінің мәліметі бойынша, елімізде Жаңа жыл мерекесін атап өтуге 23 мыңнан астам турист келген. Бұл - 2022 жылғы 26 желтоқсан мен 2023 жылдың 4 қаңтары аралығын қамтитын есеп. Туристердің жартысына жуығы (9 мың) Алматыға және 5,1 мыңы Астанаға келді.
«Бір қызығы, Жаңа жылды қарсы алуға келгендер таңдаған ТОП-5 өңірдің ішінде Ақтөбе, Павлодар және СҚО бар. Яғни, суық өңірлер», - дейді ұлттық компаниядан.Сондай-ақ хабарламада Қазақстанға саяхаттаушылардың дені Ресейден келгені (15 мың адам) айтылған. Одан бөлек, Өзбекстан, Үндістан, ҚХР, Түркия, Германия және Ұлыбританиядан келген меймандар бар.