Қор нарығында доллар қымбаттады
Қор нарығында доллар қымбаттады
2,025
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,52 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 465, 93 теңге. Ал  Рессей валютасы 6, 35 теңге болды. Ұлттық банктің 5 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 39 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 6,53 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 466 теңге, сатып алу – 470 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 465,8 теңгеден болса, сатып алу құны – 468,8 теңге. Ресей рублі 6,3 - 6, 35 теңге аралығында саудаланып жатыр.