Газ құбыры іске қосылды
Газ құбыры іске қосылды
719
оқылды
«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр аза­матқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы бойынша 2022 жылы 17,7 шақырым газ құбырын тарту жоспарланған. Жол картасы аясында Ақшұқыр ауылының Бегей жерінде газ құбыры тартылып, іске қосылды. Шараға арнайы қатысқан Түпқараған ауданы әкімі Рахат Елтизаров тұрғындарды көгілдір отынмен қамтылуымен құттық­тап, Бегей жерінің тұрғындары үшін мерейлі күн екенін, көптен күткен газбен қамту мәселесі ше­шілгенін айтты.
«Көгілдір отынмен қамта­масыз ету мұнымен тоқтамайды. Алда ауылдың басқа да көшелері мен орамдарына газ құбыры тар­тылып, тұрғындар игілігіне беріл­мек. Осы уақытқа дейін Ақшұқыр ауылының теңіз жағалауы мен Бегейдегі жерлерді қосқанда 1500-ге тарта учаскеге газ желісінің қа­­жеттілігі анықталып, жобалық-сме­талық құжаты дайындалған болатын. Биыл қаржы мәселесі шешіліп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған құрылыс толыққанды аяқталған­нан кейін ауылдағы газ мәселесі біржолата шешіледі», – деді ол.
Мердігер мекеме «Шебер құ­рылыс» ЖШС. Жоба аясында Бегей жерінен бөлек, І, ІІ, V орам­дар, Кезбаев, Қазиев, Бек­жанов, Әбілхайыров кө­ше­леріндегі тұр­ғын үйлер газбен толықтай қам­тылмақ. Аталған жұмыстар 2023 жылы толықтай аяқталады деп жоспарланып отыр.