Италияда коронавирустан алты адам қайтыс болды
Италияда коронавирустан алты адам қайтыс болды
© korrespondent.net
329
оқылды

Коронавирустан Италияда алты адам қайтыс болды, - деп хабарлады 24 ақпанда korrespondent.net ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Брешиада коронавирус жұқтырып, ауруханаға жеткізілген алтыншы адам қатерлі ісікке шалдыққан әйел адам болған.
Италиядағы коронавирус құрбандарының бәрі  - денсаулығында кінарат бар қариялар. Барлығы бұл елде 220-дан астам адам коронавирус жұқтырған. Уханьнан эвакуацияланған бір адам емделіп жазылды.