Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М.Қожабаевтың ұсталғанын мәлімдеді.
«2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жемқорлық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М.Қожабаевты ұстады.
Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», - делінген ҰҚК хабарламасында.