Қазақстан қор биржасында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 0,95 теңгеге түсті. KASE-нің күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллар – 462,49 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазір Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 469,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша 462-469 теңге арасында саудаланып жатыр.