Вайнерлердің ісі қаралып жатыр
Вайнерлердің ісі қаралып жатыр
© stan.kz
557
оқылды
Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасының ісі бойынша басты сот отырысы онлайн форматта өтіп жатыр. Оған 12 айыпталушы қатысуда. Олардың қатарында таны­мал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерния­зов та бар. Сот отырысында прокурор Ерлан Құланбаев айыптау қо­рытындысын оқыды. Одан белгілі болғандай, 2019 жылдың басында құрылған қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салым­шы­ларға айына 20%-ға дейін, яғни жылына 240%-ды құрайтын депо­зиттер бойынша жоғары кепілдік берілген табысқа уәде берген. Осылайша, ACD Technology мен Astex ЖШС-ін тіркеген. Осы екі ЖШС тіркелгеннен бастап бар­лығы 2 миллиард теңгеден астам сомаға инвесторлармен келі­сім­шарттар жасаған. Зардап шек­кен­дер арасында 70, 80 және 125 мил­лион теңгеден астам қаржы сал­ғандар да бар екен. Осы ке­зең­де олар өз қызметін сенімді және заңды етіп көрсету үшін қатарына танымал тұлғаларды Әзімжан Саидбаев және Мейірхан Шер­ниязовты тартқан. Ал Mudarabah Capital ЖШС 2020 жылдың мамыр айында тір­келген. Әзимжан Саидбаев оның әлеуметтік желілерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуі керек бол­ған. Сондай-ақ ол құрылтайшылар арасында қаржы бөлуге де атса­лысты. Прокурордың айтуынша, 2020 жылдың қыркүйек айында Саидбаев, Шерниязов және бас­қалар қаржы пирамидасын та­­ны­мал ету үшін әлеуметтік желілер­де миллионнан аса оқырманы бар Мейіржан Төребаевқа жүгінген. Оған сыйақы уәде етіліп, бір­лескен қылмыстық әрекеттерге тартылғаны айтылды.
«Төребаев ұсыныстың заңсыз екенін түсініп, пирамида істен шықса, қылмыстық жауапкер­ші­ліктен жалтарып кете алатынына сенімді болып, келісімін беріп, ұйым­дасқан қылмыстық топқа қо­сылған. Ол салымшыларға па­йыз төлеу мүмкін емесін, бұл заң­сыз қаржы пирамидасы еке­нін, жұмыстың табыстылығын бағалап, салымшылардың қара­жа­тынан айырылатынын түсіне отырып, жұмысқа кірісті. Барлық құрылтайшылардың жарғылық капиталда 11-11,5% үлесі болды», – деді Ерлан Құланбаев.
Істі Алмалы аудандық со­тының судьясы Кәмшат Саурова қарауда. Отырыс барысында Шер­ниязов пен Төребаев қаржы пирамидасын құрды және ұйым­дастырды деген айыппен келіс­пейтінін және кінәсін мойын­да­майтынын айтты.