Шешімін тапқан мәселе
Шешімін тапқан мәселе
333
оқылды
Түркістан облысында өңір тұрғын­дарының өмір сүру са­пасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұ­мыс жетерлік. Осы тұрғыда Nur Otan пар­тиясының Түркістан облыс­тық филиалы көптеген нәтижелі іс­тер атқаруда. Айта­лық, жергілікті пар­тиялықтарға көкейлеріндегі сауал­дары мен мұң-мұқ­тажын айтып келіп жат­қан халықтың саны күн са­­­нап арта түсуде. Өйткені об­лыс­та азаматтардың мә­се­лесін шешу мақса­тында пар­тияның қоғамдық қабыл­дау­лары тұрақты түрде арнайы кез­десулер ұйымдастыруды жақсы үрдіске айналдырған. Аудандық партия филиалына Сайрам ауданының Ақсукент, Көл­кент, Қарасу ауылдарының тұр­ғын­дары газдандыру, авто­мобиль жол­­дарын салу және халықтың әлеу­меттік осал топ­тарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша көмек сұрай келді. Партиялықтардың атсалысуы­мен Ақсукент ауылы Зиябеков кө­шесі тұр­ғын­дарының өтініші қанағат­тан­дырылды. Тарқатып айтсақ, аталған көше тұрғындары 2019 жылы Nur Otan партиясы Сайрам аудандық фи­лиалы­ның қоғамдық қабыл­дауында болып, өті­ніш­терін білдірген. Яғни, 18-ге жуық тұрғын үй, тәуелсіздік ал­ған жылдардан бері табиғи газ­сыз отыр­ғанын, аталған көшеде темір­жол сала­сында жұ­мыс ат­қарған еңбек ардагерлері мен жал­­ғызбасты аналар, мүмкіндігі шек­теулі азаматтар және зейнет­керлер тұрғанын және бірнеше қашықтықтан табиғи газды жүр­гізіп, үйлеріне орнатуға қаржы­лары жетпейтінін айтып, жәрдем сұраған. Мәселенің мән-жайын, көше тұрғындарын толық тыңдаған аудандық мәслихат депутаттары Б.Жамалбеков, М.Есалиев, Б.Зиятаев және жеке кәсіпкер А.Юсупов көше тұрғындарымен жеке кездесу өт­кізіп, табиғи газ мә­селесі бо­йынша то­лық­тай зерделеу жұмыстарын жүр­гізді. Бел­гілі болғаны, аталған көше ауданның кар­тасында болмаған. Сол себепті ешқандай жоспарға енгізілмей қала беріпті. Осы жағ­дайларды ескерген аудандық мәслихат депутаттары өз қара­жаты есебінен газ кіргізу жұмыстарын бастап, ақпан айында жалпы сомасы 4,5 млн теңгеге Зиябеков көшесін то­лықтай табиғи газбен қамтамасыз етіп берді. Көп жылдан бері газға қол жеткізе ал­май келген көше тұрғындары игі­лікті ісі үшін партиялықтар мен депутаттарға алғысын жаудырды. Жергілікті партия қызметінің арала­суы­мен шешімін тапқан тағы бір мә­селе – жол мәселесі. Ол да нәтижелі болды. Сайрам ауданы Көлкент ауыл­дық округіне қарасты Ханқорған елді мекенінің тұрғыны З.Бекбаева Ш.Уәлиханов атындағы көшенің бү­гінгі жағдайы қиындық тудыра­тынын ай­тып, партияға өтініш білдірген бола­тын. Nur Otan пар­тиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев мәселені бақылауға алып, аудандық фи­лиал төрағасының бірінші орынба­сары А.Әбдрахманұлы, Сайрам ау­дандық жолаушылар көлігі және ав­то­мобиль жолдары бөлімінің бас­шысы Б.Бейсенбаев және аудандық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі Б.Зиятаевқа Ш.Уәлиханов көшесінің жағдайымен танысып, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, Сайрам аудандық мәс­лихатының депутаты өз қара­жаты есебінен алдағы 10-15 күн­нің ішінде көшені толықтай асфальттап беруге тапсырма берді. Нәтижесінде, Ханқорған елді ме­кеніндегі Ш.Уәлиханов көшесіне толықтай асфальт тө­селіп, пайдалануға беріліп, көше тұрғындарын қуанышқа кенелтті. Көшесіне жол төселгеніне риза болған ауыл тұрғыны З.Бекбаева «Халыққа көмек» жобасы аясында азаматтармен кері байланыстың қуат­­ты жүйесін қалыптастыра біл­ген Nur Otan партиясы мен мәслихат депутат­тарына және ау­дандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне көпшіліктің атынан алғыс айтты. Тағы бір шешімін тапқан мәсе­ленің бірі – баспана мәселесі. Сайрам ауданы  Қарасу ауылының тұрғыны мүмкіндігі шектеулі, жал­ғызбасты ана Дариға Аманбаеваға Nur Otan партиясы Қарасу Бастауыш партия ұйымы төрағасының ұйымдастыруымен баспана салып берді. Облыс әкі­мі Өмірзақ Шөкеев пен Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков қуаныш иелерінің шаңырағына барып, отбасының бүгінгі тұрмыс-тіршілігімен та­нысты. Баспаналы болған қуаныш иесі қонақтарды шашу шашып қарсы алды. Жақын уақытта Қарасу елді ме­кенінің тағы бір отбасы тұр­ғын үй тау­қыметінен арылады. Қамқорлықты қажет ететін Абдуа­лиевтер отбасына тұрғын үй салы­нып жатыр. Аталған жұмысқа Бас­тауыш партия белсен­ділері, ауыл тұрғындары, мәслихат депутаттары демеушілік жасауда. Айта кетейік, «Қамқорлық» бағдар­ламасы аясында партия­лықтар мен Қарасу ауылының кәсіпкерлері алдағы уақытта кө­мекке мұқтаж отбасыларға баспана салып беруді жалғастырады. Жалпы, облыс бойынша 2 мыңға жуық отбасына жоба аясында жан-жақты қамқорлық жасалмақ.   Тельман БЕЙСЕН