11 қаңтар күні ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде бірінші ауысымдағы оқушылардың сабағы онлайн форматқа ауыстырылды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Шымкент қаласында 1-8-сынып оқушылары үйден білім алады.
Атырау және Ақтөбе облыстарында 0-11-сыныптар қашықтан оқиды.
Абай облысының Семей қаласында 1-11-сынып оқушылары және колледждердің барлық курс студенттері онлайн білім алады.