Коронавирус тараған кемемен саяхаттағандардың анализін Алматыда зерттейтін болды
Коронавирус тараған кемемен саяхаттағандардың анализін Алматыда зерттейтін болды
Фото: Интернеттен алынды
418
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі 24 ақпан күні Scat әуе компаниясының ұшағымен Токиодан ұшып келіп, 14 күнге карантинге жатқызылған жолаушылардың денсаулығы жайлы ведомствоның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды.
«Мұндай төтенше санитарлық-карантин шарасы коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Аталған инфекция бүгінде қоғам денсаулығына қатер төндіріп отыр. Айта кету керек, бұл шешім барлық талаптарға сай, қысқа мерзім ішінде қабылданды», – деп жазылған ресми министрліктің ресми парақшасында.
Бүгінде барлық жолаушылар тәулік бойы дәрігерлердің бақылауындағы медициналық мекемеде жатыр. Ол Нұр-Сұлтан қаласынан 7 шақырым қашықтықта орналасқан. Олардан сынама алынып, Алматыдағы Айқымбаев атындағы қауіпті инфекцияларды зерттейтін Ұлттық ғылыми орталыққа жөнелтілген. Айта кетейік, кеше Жапонияда карантинге жабылған Diamond Princess лайнерінің бортында болған Қазақстанның 4 азаматы Қазақстанға оралып, Нұр-Сұлтан қаласы №3 көпбейінді ауруханасының жанындағы инфекцияға қарсы корпусқа жатқызылған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адам тіркелмеген.