Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, бір АҚШ долларының құны 0,31 теңгеге қымбаттап, орташа 462,20 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 11 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 461,84 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,65 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 462,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 466 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 464 теңгеден болса, сатып алу құны – 467 теңге.
Ресей рублі 6,35 – 6, 65 теңге аралығында саудаланып жатыр.