Синоптиктер 10 өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер 10 өңірде ескерту жариялады
© 24.kz
490
оқылды
«Қазгидромет» РМК 13 қаңтарда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 25 м/с күшеюі ықтимал. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын болжанады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с артады. Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігі мен орталығында екпіні 25 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғып, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желдің күші облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с құрайды. Павлодар облысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы солтүстік пен шығыста 15-20 м/с құрайды. Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман болады. Желдің күші – 15-20 м/с. Түнде өңірдің басым бөлігінде 30-33 градус қатты аяз күтіледі. Түнде Түркістан облысының басым бөлігінде 25-27 градус қатты аяз болады. Түнде Шымкент қаласында 25 градус қатты аяз күтіледі.