Белгілі құқық қорғаушы Абзал Құспан бастаған бір топ заңгер «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында Атырау облысының елді мекендерін аралайды. Аталған жоба жуырда пилоттық режимде іске қосылды.
Олар сотта және тағы басқа жағдайда арыз-талап толтыру, өкілеттік ету, өзін қорғау мәселелері бойынша азаматтарға кеңес береді. Көрсетілген заңгерлік көмек үшін ешқандай ақы алынбайды.
Күні | Уақыты | Елді мекен атауы | Мекенжайы | Телефоны |
13.01.2023 | 11:00 | Индер ауданы, Индербор кенті | Д. Қонаев көшесі, 12а | 87123420253 |
14.01.2023 | 11:00 | Мақат ауданы, Мақат кенті | Қ.Сәтбаев көшесі, 74 | 87123932389 |
15.01.2023 | 11:00 | Жылыой ауданы, Құлсары қ. | М.Өтемісов даңғылы, 205 | 87123750965 |
16.01.2023 | 11:00 | Атырау қ. | Әйтеке би көшесі, 79А | 87122519851 |