Елімізде 7 жол учаскесі жабылды
Елімізде 7 жол учаскесі жабылды
615
оқылды
Қазақстанның 4 облысында 7 жол учаскесі жабылды, – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.
«13 қаңтар күні сағат 11:15-тегі ақпаратқа сәйкес 4 облыста ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің шектелуі, температураның төмендеуі) республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді» делінген хабарламада.
Автожолдарды тазарту үшін 250 жол-пайдалану техникасы және 350-ден астам жұмысшы жұмылдырылған.