Ақтауда балконнан лақтырылған диван өтіп бара жатқан ер адамды басып қалды
Ақтауда балконнан лақтырылған диван өтіп бара жатқан ер адамды басып қалды
1,234
оқылды

Оның мойын омыртқасы сынған деген диагнозбен Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызды. Оқиға 12 қаңтар күні сағат 13.00-де облыс орталығындағы 11-шағынауданында болған. Жалға алушылар алтыншы қабаттағы пәтерден 39 жастағы ер адамның үстіне диван лақтырып жіберген. Оны ес-түссіз күйде жедел жәрдем ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер ер адамның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.