Ақмолада бір отбасының үш бірдей адамы өрт кезінде қаза тапты
Ақмолада бір отбасының үш бірдей адамы өрт кезінде қаза тапты
585
оқылды
Ақмола облысы Атбасар ауданының Сочинское селосында қос пәтерлі жер үйден өрт шығып, ерлі-зайыпты бір отбасы мен екі жастағы сәби ажал құшты. Өрт сөндірушілер мәйіттерді өртенген үйдің ішінен тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. №1 пәтерде болған өрт 80 шаршы метр аумақты шарпып, одан кейін екінші пәтердің 10 шаршы метр  аумағы өртенген. Өрт 04.59-да ауыздықталып, 05.35-те толықтау сөндірілген. Қазір  өрттің себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.
– Оқиға орнына дереу азаматтық-қорғаныс органы қызметкерлері мен «Шортанбай-2019» ЖШС-да  ерікті-өрт сөндіру құрылымы мен жергілікті тұрғындары аттанып, тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді. Өкінішке қарай, 32 жастағы отағасы мен 31 жастағы жұбайы және 2 жастағы кішкентай сәбидің мүрдесі табылды, – дейді Атбасар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ерболат Әшкенов.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарын өрт сөндіру қауіпсіздігін қатаң сақтауды өтінеді.

Ақмола облысы