Жайылымның азаюы мал басының көбеюіне кедергі болып отыр – Смайылов
Жайылымның азаюы мал басының көбеюіне кедергі болып отыр – Смайылов
Фото: primeminister.kz
810
оқылды
Жайылым жермен қамтамасыз етпейінше мал шаруашылығын толыққанды дамыту мүмкін емес. Бұл – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар аса маңызды мәселе. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты. Осыған байланысты, заңсыз берілген, бос жатқан жерлерді қайтарып алу жөніндегі арнайы Комиссия былтырғы сәуір айынан бері жұмыс істеп келеді. Нәтижесінде, өткен жылы мемлекет пайдасына 5,2 млн гектар жер қайтарып алынды. Оның ішінде 4,8 млн гектары – жайылым жерлер. Бұған Мемлекет басшысының Агроөнеркәсіп саласындағы микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін Жарлығы ерекше серпін берді. Биыл тағы 5 млн гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр.
«Осы орайда  елді мекендердің маңында орналасқан ауыл шаруашылығы құрылымдарының жерлерін қайтарып алу маңызды. Оларды қоғамдық пайдалануға немесе жеке қосалқы шаруашылық кооперативтеріне беру қажет. Сонымен қатар елді мекендердің маңында жайылым  жерлердің аз болуы жеке қолдағы мал басының өсуіне шектеу қойып отыр. Сондықтан жайылымдарды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау қажет», – деді Әлихан Смайылов.