Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес, Мирас Рүстемұлы Мүлкәй БҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Мирас Мүлкәй 1989 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін қаржы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің статисі болып бастады.
Әр жылдары Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі абаттандыру секторының бас маманы, сектор меңгерушісі, Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары, Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.
2019 жылдан күні бүгінге дейін Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.