Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,23 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 464, 09 теңге.
Ұлттық банктің 17 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 462, 69 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,76 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 467 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 466, 5 теңге.
Ресей рублі 6,57 - 6, 67 теңге аралығында саудаланып жатыр.