Соңғы күндері елорданың тротуарлары мен жолдарында ауа температурасының күрт өзгеруіне байланысты көктайғақ байқалады. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күреу жұмысын, сондай-ақ жол және жаяу жүргіншілер бөлігінің аумағын мұздан тазартуды белсенді жүргізуде, – деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Қар күреу жұмысы белсенді жүріп жатыр. Таңертеңнен бастап 2 мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.17 қаңтарға қараған түні елордадан 32 мың текше метр қар немесе 2 535 ауыр жүк көлігіне тең қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға шамамен 2,2 млн текше метр қар мен мұз немесе 177 мыңнан астам рейс шығарылды.Сондай-ақ қаланың барлық ауданында – қоғамдық орындарда, кварталішілік аумақтарда, тротуарларда, аялдама павильондарында және т.б. құм-тұз қоспасын себу жүргізілуде.Тайғақ жерлерде құлап, жарақат алмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс ережесін қатаң сақтауы керек.