Алтын жауған Азия
Алтын жауған Азия
425
оқылды
Нью-Делиде күрес түрле­рі­нен Азия чемпионаты аяқ­тал­ды. Дүбірлі дода 18-23 ақ­пан ара­лығында өткен бо­ла­тын. Қа­зақстан грек-рим, еркін кү­рес­­тен және әйел­дер күресі­нен 5 ал­тын, 2 кү­міс, 12 қола иелен­ді. Бұл – күрес та­ри­хындағы біре­гей же­тістік. Себебі Қазақ­стан­­ның 14 жыл бойы Азия чем­­пио­на­тын­дағы алтын саны үш­тен аспай ке­ле­ді. Соңғы рет біз­дің бал­уан­­­дар 2006 жылы Алма­­ты­да­ғы Азия біріншілігінде 6 ал­тын алған. Алдымен кілемге шыққан грек-рим күресінің өкілдері бо­ла­­тын. Олар бес жүлдеге қол жет­кізді. Алтыннан алқа таққан 77 ке­ліге дейінгі салмақта күрескен Те­мірлан Шадукаев қана болды. Кү­міс – 72 келідегі Ибрагим Ма­го­­мадовте. Қоланы Қорлан Жақан­ша (55 келі), Азамат Күсті­баев (87 келі), Мансұр Шадукаев (130 келі) қа­нағат тұтты. Күрестің бұл түрі бо­йынша Қазақстан командалық есепте үшінші орынға тұрақтады. Бірін­ші орын –Иран. Одан кейінгі сатыға Өзбек­стан құрамасы жай­ғасты. Әйелдер күресінен бұрымды бал­­уандарымыз 8 медаль еншіле­ді. Бірден екі спортшымыз ал­тын­нан алқа тақты. Үндістанда Ән­ұра­­нымызды асқақтатқан Татья­на Аманжол (53 келіге де­йін) мен Жәмила Бақбергенова (72 ке­ліге дейін) болды. Күміс жүл­деге 62 ке­ліге дейінгі салмақ дәре­же­сін­де өнер көрсеткен Аяулым Қа­сы­мова қол жеткізді. Үшінші орын­ға Алтынай Сатылған (57 келі), Ва­лентина Исламова (50 келі), Марина Зуева (55 келі), Ма­­­дина Бақбергенова (59 келі), Эль­мира Сыздықова (76 келі) кө­­терілді. Бұл жолы да ко­ман­да­лық есепте Қазақстан үшінші орын алды. Бірінші орын – Жа­пон құрамасына, екінші орын Үндістан балуандарына бұйырды. Жарысты еркін күрес балуан­да­­ры түйіндеді. Бес салмақ дәре­же­­­сінде бас жүлдені сарапқа сал­­­ған біздің жігіттер 6 медаль ие­­­лен­ді. Азияда қарсылас шақ кел­­­­­тірмеген Данияр Қайсанов (74 ке­лі) мен Юсуп Батырмырзаев (125 ке­лі) болды. Қалған балуан­да­­ры­­­мыз қоланы қанағат тұтты. Дәу­­­лет Ниязбеков (65 келі), Ме­йір­­­жан Әшіров (70 келі), Ил­ис­хан Чилиев (92 келі) мен Әлі­­шер Ерғали (97 келі) үшінші орын­­ға тұ­рақтады. Бұл жолы да ко­­­ман­да­лық есепте үшінші орын­ды қана­ғат тұттық. Көш ба­сын­да Иран құрамасы болса, одан ке­йін­­гі орынға Үндістан коман­да­сы жай­ғасты. Айта кететін жайт, «классик» Қорлан Жақанша осымен үшінші жыл қатарынан Азия чемпионы ата­нып отыр. Қоланы қанағат тұт­­қан еркін күрес балуаны Дәу­лет Ниязбековтің Азиядан алған же­тін­ші медалі. Ол да Қорлан сияқ­­ты үш мәрте чемпион атан­ған. Татьяна Аманжол үшін де бұл Азияның үшінші алтыны. Бұл жолы финалда екі дүркін әлем чемпионы жапон Мая Мукаидадан жеңіліп жатып, жеңіп кетті. Ал Юсуф Батырмырзаев үшін бұл – алғашқы Азия біріншілігі. Жас балуан халықаралық деңгейдегі бірінші жарысында алдына жан салмады.   Барыс НҰРЛАН