NEET санатына қосылды
NEET санатына қосылды
419
оқылды
Елімізде NEET санатына жататын жастардың деректер базасы қайта қаралды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров мәлімдеді.
«Жергілікті атқарушы органдардың мәлі­мет­тері негізінде NEET санатындағы жастар­дың деректер базасы қайта қалыптастырылды. Ол бойынша аталған санатқа жататындардың 4 тобы бар. Алдымен жұмыссыз жастар. Яғни, оқу орнын бітірген, бірақ жұмыссыз. Осы санатта бас бостандығынан айырылғандар мен мерзімді әскери қызмет өтеп, жұмыссыз жүрген жастар да бар. Екінші топ – еңбекке қабілетті, бірақ мүмкіндігі шектеулі жандар. Үшінші, белсенді емес жастар. Олар алкоголь мен есірткіге тәуелді немесе құмар. Созылмалы аурудан зардап шегіп оңалтудан өтіп жүрген жастар»,– деді Данияр Қадыров.
Сонымен қатар аталған тізімде жұмыс із­деу­ге немесе оқуға талпынбайтын жастар да бар.
«NEET-тің соңғы санатына үй шаруа­шылығын­дағы жастар мен әйелдер, сондай-ақ көпбалалы және жалғызбасты аналар кіріп отыр», – деп түсіндірді вице-министр.