Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында қазақстандық боксшылардың финалдық белдесулеріндегі қарсыластары белгілі болды.
Турнирдің финалында Қазақстан ерлер құрамасынан алты спортшы өнер көрсетеді: Санжар Ташкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі) және Махмұд Сабырхан (57 келі), Абзал Серік (67 келі), Сабыржан Аққалықов ( 71 келі) мен Диас Молжігітов (75 келі).
48 кг. Санжар Ташкенбай — Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан)
54 кг. Нұрсұлтан Алтынбек — Флинт Джара (Филиппин)
57 кг. Махмуд Сабырхан - Саравут Суктет (Тайланд)
67 кг. Абзал Серік — Бехзод Хамидов (Өзбекстан)
71 кг. Сабыржан Аққалықов — Нурислом Исмоилов (Өзбекстан)
75 кг. Диас Молжігітов - Алохон Абдуллаев (Өзбекстан).