500-ден астам өтініш түскен
500-ден астам өтініш түскен
470
оқылды
Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованың төрағалығымен азаматтардың Конституциялық сотқа жол­даған өтініштерін қарауға қатысты мәселе талқыланды. Азаматтың Конституциялық сотқа өтінішпен жүгіну құқығы Ата заңның 72-бабында бекітілген.
«Бүгінде Конс­титуция­лық сотқа азаматтардан 500-ден аса өтініш келіп түсті. Олардың басым бөлігі екі жылдан астам уақыт бұрын күшіне енген қыл­мыстық сот үкімдерінің күшін жоюға, тексеруге және қайта қарауға қатысты. Ал заңға сәйкес аза­маттың өтініші, егер ол сот актісі қабылданғаннан кейін бір жылдан кешіктірілмейтін мерзім­де берілсе ғана қаралады», – деп хабарлады Конституциялық сот­тың баспасөз қызметі.
Мәлімет бойынша өтініштер­дің 90%-дан астамы Конституция­лық заңның 41, 44, 45-бабының талаптары сақталмай жолданған.

Айбике ЖАНАСЫЛ