Семейде қарақшы 52 жастағы мүгедектігі бар адамды тонап кетті.
7 қаңтар күні полиция бөліміне 52 жастағы тұрғын бір күн бұрын белгісіз адам дүкеннің жанында қолынан 4 мың теңгесін тартып алғанын хабарлады.
Криминалдық полиция қызметкерлері қаскүнемнің жеке басын анықтады, ол қаланың 50 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191 - бабы 1-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.