Елін 30 жыл басқарған экс-президент қайтыс болды
Елін 30 жыл басқарған экс-президент қайтыс болды
355
оқылды
Мысырдың экс-президенті Хосни Мүбәрак өмірден озды. Бұл туралы «РИА новости» хабарлады. El-Watan басылымының хабарлауынша Мүбәрак ауруымен ұзақ уақыт күресіп, қайтыс болды. Ол қаңтардың соңында отаға түсіп, асқазандағы қатерлі ісігін алдыртып тастаған. Алайда 91 жасқа толған Мүбәракты ешқандай ем аман алып қалмады. Айта кетейік, Хосни Мүбәрак Мысырды 30 жыл басқарды. 2011 жылғы елдегі көтеріліс нәтижесінде Мүбәрак президенттік лауазымын тоқтатты. Коррупцияға қатысы бар деген айыппен оны 6 жылға жуық қамауда ұстады. Экс-президент 2017 жылы бостандыққа шыққан.