Түркістан облысында мектеп қызметкері суицид жасады
Түркістан облысында мектеп қызметкері суицид жасады
Фото: polisia.kz
985
оқылды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында мектептің қызметкері уланып, ауруханаға түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 20 қаңтарда Сарыағаш аудандық Полиция басқармасына орталық ауруханадан жергілікті тұрғынның сірке суына уланып түскені туралы хабарлама келген. Полицейлер оқиға орнына шұғыл жетті. Жәбірленуші Сарыағаш ауданында мектепте жұмыс істейді. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» – ред.) бойынша тіркелді. Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.