Бүгін, 26 қаңтарда Азия чемпионатының финалдық айқастары өтуде, – деп хабарлайды Vesti.kz.
22 жасқа дейінгілер арасындағы Бангкокта өтіп жатқан турнирде шаршы алаңға Қазақстан атынан Махмұт Сабырхан да шықты.
Үшінші жұпта Махмұт Сабырхан (57) таиландтық Саравут Суктхетпен жекпе-жекке шығып, төрешілер шешімімен жеңіске шықты. Бұл кездесуде ринг қожайыны қазақ боксшысын құшақтай беріп, қолын байлай берді. Дегенмен Сабырхан одан басымдығын көрсете алды.