Ақмолада ер адам анасының 800 мың теңге ақшасын ұрлады. Ол зейнет жасындағы анасының банк картасын ұрлап алып, қомақты қаражатты қалауынша жұмсамақ болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
11 қаңтар күні Степногор қалалық полиция басқармасына жүгінген 67 жастағы жергілікті әйел қомақты қаржысының ұрланғанын хабарлаған. Зейнеткердің айтуынша, былтыр 24 желтоқсаннан бастап биыл 4 қаңтарға дейін банк картасынан 800 500 теңге қаражат ұрланған.
– Жедел іздестіру нәтижесінде, күдіктінің ізі суымай табылды. Ол арыз жазған әйелдің бұған дейін Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық жауапқа тартылған 41 жастағы ұлы болып шықты, – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі.
Полиция басқармасы аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ақмола облысы