Қостанай облысының Надеждинка ауылында өртенген үйден 2 адамның мәйіті табылды.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 23 қаңтарда жанып кеткен үйдің опырылған төбесінің астынан мәйіт табылды. Қар астынан тағы бір адамның мәйіті анықталды.
Аталған жағдайға қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі («Екі және одан да көп адамды өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Күдікті ұсталып, қамауға алынды.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу аясында мәліметтер жарияланбайды.