"Қазір ғана арттан келген көлік мені жоғары жылдамдықпен қағып кетті. Жүргізушінің кінәсі жоқ. Күн сәулесіне көзі шағылғаннан алдында адам бар екенін көрмей қалған. Құдайға шүкір, менің уақытым әлі келмепті. Құлауды үйреткен күрес пен дзюдоға да рақмет. Ол менің өмірімді сақтап қалды", – деп жазды ол.