Атыраулық полицейлер деструктивті діни ағым өкілдерінен марихуана тәркіледі

Атыраулық полицейлер деструктивті діни ағым өкілдерінен марихуана тәркіледі

Атырау қаласында 19 қаңтар күні сағат 12.25 шамасында радикалды діни ағымды ұстанатын 27, 28 жастағы екі тұрғын қолға түсті. Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара кезінде екі күдіктіден 1 қара түсті полиэтилен және 2 қою жасыл түсті қағаз орамасын тәркілеген. Химиялық экспертиза қорытындысы бойынша тәркіленген заттардың жалпы салмағы 186 грамм болатын марихуана екендігі белгілі болды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Атырау