Өткен жылдың өзінде осындай 2 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Бұл туралы бүгін ӨКҚ брифингінде Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция подполковнигі Еркебұлан Қойшыбаев айтып берді.
Оның айтуынша интернеттегі алаяқтық қылмыстар бүгінде полиция хабарламаларында жиі кездесетін қылмыстардың бірі болып отыр.
«Талдау көрсеткендей, 2017 жылы қала аумағында 90 интернет-алаяқтық, 2018 жылы – 142, 2019 жылы – 666, 2020 жылы – 1677 және т.б. тіркелген. Өткен жылы осындай 2 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Интернет-алаяқтарды ұстау мысалдары бар, алайда қылмыстың бұл түрін ашу қиын, өйткені олар трансшекаралық сипатқа ие, яғни жәбірленуші бір жерде, ал күдікті басқа мемлекетте болуы мүмкін», – деді Е.Қойшыбаев.
Спикер қаскүнемдік жасаушылардың негізгі сценарийлері туралы да айтып берді.
«Мысалы, қосымшалардағы және әлеуметтік желілердегі сатылымдар, алаяқ сатып алушыдан кепілақы алып алған соң құрбанын блоктап, байланысқа шықпай қояды. Алаяқтардың тізімінде «банк қауіпсіздігінен қоңыраулар» бар. Олар қазақстандықтарға телефон шалып, Ұлттық банктің, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріміз деп, олардың атынан несие, қарыз алынғанын немесе есепшотына хакерлік шабуылдар жасалып жатқанын айтып, олардың алдын алу мақсатында жеке шоттан басқасына ақша аудару керектігін айтады. Сеніп қалған азаматтар соның жетегінде кетеді», – дейді аға жедел уәкіл.
Е.Қойшыбаевтың айтуынша, соңғы кездері инвестицияға қатысты алаяқтық фактілері көбейген. Алдаудың принципі бір: олар белгісіз нөмірлерден қоңырау шалып, жобалар туралы сөйлеседі, оларға ақша салуды ұсынады, кірісті көбейтуге уәде береді. Ақшаны алған алаяқтар жоғалып кетеді. Олар сондай-ақ жәбірленуші инвестиция жасағаннан кейін оның кірісі қалай «өсетінін» көретін жалған қосымшаны лақтыра алады, бірақ іс жүзінде бұл жай ғана жалған, сіз ақшаны пайдалана алмайсыз. Өйткені мұндай қолданбаларда қайтарып алу функциясы жоқ.
Полиция департаментінің өкілі телефон нөмірлерін ауыстыруға байланысты алдаудың жаңа әдісі туралы айтып берді.
«ТМД елдері мен шетел азаматтары қазақстандықтарға қоңырау шалғанда нөмірді ауыстыру технологиясын қолданады. Сондықтан күдіктіні табу өте қиын. Алаяқтар SIM карталарын сатып алмайды, олар тек негізгі телефон нөмірін өзгертетін арнайы бағдарламалық құралды пайдаланады. Сондықтан олар зардап шеккендерге кез келген нөмірден қоңырау шала алады», – Е Қойшыбаев.