Үкімет қаулысымен Қанат Ысқақов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қанат Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.
2006-2009 жылдары - Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің бас маманының м.а.; бас маманы; сарапшысы.
2009 жылғы ақпан-қараша аралығында Парламент Мәжілісі депутатының көмекшісі болды.
2009-2011 жылдары - ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының консультанты.
2011-2012 жылдары - ҚР ПӘ Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы; консультанты.
2012 жылғы мамырдан 2021 жылғы шілдеге дейін - ҚР Президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі.
2021 жылғы 9 шілдеде Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Қанат Ысқақов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.