Мамандық таңдауға көмектеседі
Мамандық таңдауға көмектеседі
1,038
оқылды
«Болашақ» қауымдастығы «Болашаққа сеніммен» жобасы арқылы 11-12-сынып оқушыларына мамандық таңдауға көмектеспекші. Бұл туралы қауымдастық кеңесінің мүшесі Мұхтар Манкеев айтты.
– Біз ресми түрде «Болашақ» қауымдастығының атынан жаңа жобаны бастағалы отырмыз. «Болашаққа сеніммен» жобасы мектеп бітіріп жатқан түлек­терімізге өзінің кәсіби бағдарын, жолын таңдай білуіне арналған нақты жоба болмақ. 2022 жылы біз пилоттық негізде 40-тан астам мектепте кездесу өткізіп, 3 мыңнан астам оқушыны қам­тыдық. Оның бәрі 10,11,12-сы­ныптағы болашақ түлектер. Мамандық таңдау кезінде оларда қандай триггерлер, қандай сти­мулдар болу керегін «Болашақ» менторлары арқылы үйретеміз, – деді қауымдастық өкілі.
Мұхтар Манкеевтің ай­туын­ша, бұл жоба науқандық шара болып қалмау үшін жүйелі түрде дамытуға күш салынбақ. Жоба аясында «басты менторлар» ­де­ген топ жасақталып жатыр. Осы­лайша, осы жобаға қа­тыс­қысы келетін азаматтар ұсы­ныс білдіре алады. Ұйым­дас­тырушылар берген мәліметтер бойынша кері хабарласып, көмек береді. Сон­дай-ақ «Бо­лашақ» қауымдас­тығы кеңесінің мүшесі 2030 жылға қарай трендте болатын ТОП-7 ма­ман­дықты атады.
– World Economic Forum 2025-2030 жылдары сұранысқа ие болатын ТОП-7 мамандықты атады. Солардың ішінде бұрын болмаған екі кәсіптің бірігуінен туындаған ІТ дәрігер деген ма­мандық шығып жатыр. Бұрын блогерлер, SMM менеджерлер дейтін едік. Оларды ешкім оқыт­пайтын да. Қазір солардың ба­сын біріктіретін «тренд бақы­лаушысы» деген кәдімгі кәсіби бағыт дамып келе жатыр. «Био­инженер», «деректер талдаушы­сы» немесе «data-аналитик» деген мамандықтар сұранысқа ие болмақ. «Урбаинст-эколог­терге» де сұраныс артып келеді. Бұрын тек архитекторлар жұ­мыс істесе, қазір экологияны бірге алып жүретін гибрид ма­мандық пайда болды. «Жоба менеджері», «жасанды интел­лект және маши­налық оқыту са­ласындағы ма­ман» деген сияқ­ты жаңа-жаңа бағыттар да­миды, – деді ол.
Сарапшының айтуынша, бұл мамандықтарға 2025 жылдан кейін мектеп бітіретін оқушылар бағдарлануы керек.
– Әрине, қазіргі түлектерге алдағы 5-10 жылда қандай ма­мандықтар трендте болатынын жеткізуіміз керек. Сондай-ақ қазір 1-сыныпқа келіп жатқан балаларды да ұмытпауымыз қа­жет. Оларға кәсіби бағдар бо­йынша бөлек пән, пән каб­и­нет­тері ашылып жатыр. Біз соларға 100-ден астам жойылып келе жатқан мамандықтың тізімін де қалдырып жүрміз. Сол арқылы олар қай мамандықтың керек болатынын, қай мамандықтың керексіз болып қалатынын біліп отырады. Оның бәрін ойымыз­дан шығарып жатқан жоқпыз. Нақты ғылыми деректер негі­зінде қорытынды шығардық, – деді Мұхтар Манкеев.
Статистика бойынша, еңбек­ке қабілетті халықтың 60 пайыз­дан астамы мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Сондай-ақ мек­теп оқушыларының 80 па­йызы ата-анасы мен мұғалім­дердің ықпалымен мамандық таңдайды. Бұл ретте ата-ана­лар­дың 25 пайызы балаларының қандай мамандық таңдағысы келетіні туралы түсініктері жоқ екенін мойындайды. Осы сияқты басқа да статистикалық мәлі­меттер аталмыш жобаны қолға алуға ықпал еткен.