Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,64 теңгеге қымбаттады. 1 АҚШ долларының орташа бағамы – 460, 51теңге. Ұлттық банктің 31 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 459, 92 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,62 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 469,5 теңге, сатып алу – 463 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 457,7 теңгеден болса, сатып алу құны – 460, 7 теңге. Ресей рублі 6,35-6, 43 теңге аралығында саудаланып жатыр.