«Ақ жол» демократиялық партиясы кезектен тыс өтетін Мәжіліс сайлауына Қайрат Боранбаев есімді кандидатты ұсынды, – деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы «Ақ жол» партиясының елордада өткен кезектен тыс ХХІ съезінде белгілі болды.
«Боранбаев Қайрат Жомартұлы – «Нурлен» ЖШС басқарма төрағасы, Қызылорда облыстық мәслихатының VII шақырылым депутаты» делінген партия таратқан ақпаратта.Ал ғаламтордағы ақпаратқа сүйенсек, Қайрат Жомартұлы 7 жыл бизнес саласында жұмыс істеп, кейін облыстық салық департаментінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары болған. Кеден департаментінде басқарма бастығы қызметтерін абыроймен атқарған. 2009 жылдан қайтадан бизнестегі жолын жалғастыруда, «К-Group LTD» ЖШС, «Нурлен» ЖШС-нің басқарма төрағасы.